Вашингтон билігі жергілікті шенеуніктерді вакциналаудан өтуге міндеттеуде

12 Тамыз 2021, 07:27
830
Бөлісу:
Вашингтон билігі жергілікті шенеуніктерді вакциналаудан өтуге міндеттеуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вашингтон билігі жергілікті деңгейдегі шенеуніктер үшін коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтуді міндеттеуде. Бұл туралы Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram-каналында хабарлады.

Австралия өз азаматтарына шетелге еркін шығуға тыйым салды-енді тек биліктің арнайы рұқсатымен ғана шығуға болады. Сонымен қатар австралиялық Мельбурнда қатаң карантин бір аптаға ұзартылды. Мегаполис тұрғындарына себепсіз үйлерінен шықпауға нұсқау берілді.

Вашингтон билігі жергілікті деңгейдегі шенеуніктер үшін коронавирусқа қарсы вакциналаудан өтуді міндеттеуде. Шенеуніктер иммундаудан 2021 жылдың 19 қыркүйегіне дейін өтуі керек. Вакцинацияланбаған шенеуніктер аптасына бір рет коронавирусқа тест тапсыруға міндетті.

Франция Үкіметі вирусқа қарсы вакцинация жаңа карантиннің алдын алуға мүмкіндік берді деп мәлімдеді. 

Бұл ретте елдегі санитариялық-эпидемиялық жағдай шиеленісе түсуде, – деп атап өтті Үкіметтің ресми өкілі.

Бұл тұрғыда ел Президенті Эмманюэль Макрон қарсы көрсетілімдері жоқ барлық тұрғынды вирусқа қарсы екпе алуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы