Вандализм: пайдалануға берілмеген ЛРТ вагондарына біреулер сурет салып кеткен

24 Маусым 2025, 23:51
520
Бөлісу:
 скрин
Фото: скрин

Астана қаласындағы жеңіл рельсті транзит (ЛРТ) жүйесінің әлі іске қосылмаған вагондарына белгісіз біреулер сурет салып кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл оқиға бойынша құқық қорғау органдары қылмыстық іс қозғады. Тергеу барысында кінәлілер анықталып, жауапқа тартылады.

Астана ЛРТ жобасы елордадағы көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған маңызды бастамаларды бірі болатын. Мұндай әрекеттер мемлекеттік мүлікке зиян келтіріп қана қоймай, жобаның іске асырылуына да кедергі жасайды.

Автокөліктердің сыртқы бетіне рұқсатсыз граффити жағу фактісі тіркелді. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Көліктерге бояудың негізгі бояу қабатының тесіктеріне еніп кетуіне жол бермейтін арнайы қорғаныс қабаты жабылған, – деп хабарлады City Transportation Systems.

Қосымша ақпарат тергеу нәтижесі бойынша жарияланады.

Өзгелердің жаңалығы