Валюта бағамының өзгерісі: Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

24 Ақпан 2022, 13:55
4639
Бөлісу:
Валюта бағамының өзгерісі: Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін
PHOTO
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада айырбастау пунктерінде доллар бағасы шарықтады.

Бүгін таңертең еуро бағамы 94,6 рубльге дейін өсті. Бұл жағдай теңге бағамына әсерін тигізді. 

Валюта бағамының өзгерісі: Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Нұр-Сұлтан қаласының айырбастау орындарында доллар бағасы 471 – 475 теңге аралығында сатылып жатыр. Сондай-ақ 1 доллар 460 теңгеден бастап сатып алынуда. 

Валюта бағамының өзгерісі: Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Kurs.kz сайтының мәлімдеуінше, елордадағы ақша айырбастау орындарда долларды 470 теңгеге сатып алуға болады. Ал Алматыда доллар 472 теңгеден саудаланып жатыр. 

Валюта бағамы сағат сайын өзгеріс үстінде. 

Валюта бағамының өзгерісі: Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Сарапшы, экономист Бауыржан Ысқақов доллар бағасының тоқтаусыз өсуінің салдары неге алып келуі мүмкін екенін пайымдады. 

Біз долларға тәуелді болғандықтан алдағы уақытта несиелер мен ипотекалардың пайыздық мөлшерлемелері өседі. Қазірдің өзінде өсу қарқыны тез жүруде. Екі елдің арасындағы қақтығыс күшейе беретін болса 10-15 күннің ішінде доллар бағамы 500 теңгеге дейін шарықтауы мүмкін, -деді Б.Ысқақов. 

Қаладағы кейбір ақша айырбастау пункттері шетел валютасын сатуды тоқтатқан.

Валюта бағамының өзгерісі: Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Сарапшының айтуынша, мемлекет дәл қазіргі уақытта шұғыл төтенше экономикалық жағдайды қарастыру қажет. 

Қарапайым халыққа зиян әкелетін жолдардың алдын алумыз керек. Нақты іс-шараларды қарастырып, азық-түлік бағаларының көтерілмеуіне және инфляцияның жоғарлап кетпеуіне ден қойғанымыз абзал. Оның ішінде резервтік қордағы бағаны халыққа арзанға сатуды қарастырған жөн, -деді экономист. 

Валюта бағамының өзгерісі: Доллар 500 теңгеге дейін көтерілуі мүмкін

Естеріңізге салайық, күні кеше айырбастау пунктерінде долларды 428 теңгеден сатқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы