«Валлеттаны» өтетінімізге сенімдіміз – «Астана» қорғаушысы

8 Тамыз 2019, 20:45
1217
Бөлісу:
«Валлеттаны» өтетінімізге сенімдіміз – «Астана» қорғаушысы
Фото: BAQ.KZ

Нұр-Сұлтан, BAQ. Бүгін «Астана» Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде Мальтаның чемпионы «Валетта» клубын қабылдайды. Осы ойын алдында елорда командасының қорғаушысы Евгений Постников тілшілердің сауалына жауап берді.

- «Валетта» - шабуылда жақсы ойнайтын, жарқын футбол үлгісін көрсетуге тырысатын команда. Біз бұл кездесуге қалыпты деңгейде дайындалып жатырмыз. Өзімізге тән футбол үлгісін көрсетіп, барынша көп гол соғуға тырысатын боламыз. 
- Марин Аничич команда құрамынан кетті. Жарко Томашевич оның орнын лайықты деңгейде баса ала ма?
- Бұл сұраққа нақты жауап беру үшін уақыт қажет. Марин - өте жақсы ойыншы. Біз жұп құрып бірнеше жыл бірге ойнадық. Оған жаңа клуб сапында тек қана сәттілік тілеймін. Жарко болса жақында ғана команда құрамына қосылды. Дегенмен, ол үшін барлығы сәтті болып, командаға көп көмегін тигізеді деген сенімдемін.
   - "Валлеттаға" қарсы ойын "Санта Коломаға" қарсы кездесумен салыстырғанда қаншалықты қиын болмақ?

   - Әр кезеңді артқа тастаған сайын ойындардың оңай болмасы анық. Ертеңгі кездесу де жеңіл болмасы белгілі. Алайда, біз өз күшімізге сенімдіміз. Ертең тек жеңіс үшін алаңға шығатын боламыз. 

- "Санта Коломаға" қарсы кездесуден кейін көпшілік қарсыласты лайықты деңгейде бағаламаған деген пікір білдіріп жатты. Осындай жағдай "Валлеттаға" қарсы кездесуде қайталанбас үшін, қандай шара қолдану жоспарда бар?
- Андорралық ұжымды бағаламадыңыздар деген пікірмен келіспеймін. Қарсылас бұл кездесулерде үлкен құлшыныс көрсетті. Біз ол ойындарға жоғары деңгейде дайындалып, қиын кездесу боларын күткен едік. Егер біз жылдам гол соқққанда, барлығы басқаша болар еді. Ал "Валлеттаға" келер болсақ, жігіттер алдағы кездесудің маңыздылығын өте жақсы түсінеді. Біз шабуылда сәтті ойнап, қажетті нәтижеге қол жеткіземіз деген сенімдемін. 
- "Санта Коломаға" қарсы кездесуден кейін Қарағандыда өте қиын өткіздіңіздер. Команда ертеңгі ойынға толықтай дайын ба?
- Біз толықтай қалыпқа келіп үлгердік, "Валлеттаға" қарсы ойынға дайынбыз. 
Өзгелердің жаңалығы