Вакцинациялау бойынша еліміз ТМД-да екінші орында тұр

22 Желтоқсан 2021, 09:30
1657
Бөлісу:
Вакцинациялау бойынша еліміз ТМД-да екінші орында тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев хабарлады.

Оның айтуынша, республикада коронавирус инфекциясына қарсы вакцинациялау қарқынды жүргізіліп жатыр.

Әлемдік рейтингте Қазақстан коронавирус инфекциясына қарсы екі дозамен вакцинациялау бойынша 208 елдің ішінде 103-орында, оның ішінде Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері арасында Қазақстан екінші орында тұр, - деп атап өтті Жандос Бүркітбаев.

Сонымен қатар ведомствоның жаңа басшысы халық санының  44,5%-ы вакцинациямен қамтылғанын алға тартты.

1-ші компонентпен 8,9 млн-нан астам адам егілді, осылайша, егілуге тиісті халықтың 78,3%-ы қамтылды. Екінші компонентпен 8,4 млн астам адам қамтылды. Ол егілуге тиісті халықтың 73,8%-ын құрайды, - деді министрдің міндетін атқарушы.

Өзгелердің жаңалығы