Вакцинация. Дональд Лу АҚШ-қа кімдер кіре алатынын айтты

15 Желтоқсан 2021, 12:46
1109
Бөлісу:
Вакцинация. Дональд Лу АҚШ-қа кімдер кіре алатынын айтты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ-қа кіру үшін Pfizer, Moderna, Jonson & Jonson вакцинасының екі дозасын алу қажет. Бұл туралы АҚШ Мемлекеттік хатшысының көмекшісі Дональд Лу мәлімдеді.

Ол Қазақстан мен АҚШ арасындағы Кеңейтілген стратегиялық серіктестік жөніндегі комиссияның аралық шолу отырысынан кейін брифингте БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

Вакцинация. Дональд Лу АҚШ-қа кімдер кіре алатынын айтты

Американдық дипломаттың айтуынша, қазіргі таңда Америкаға кіре алмай жүрген тек қазақстандықтар ғана емес.

Қиындықтарға тек қазақстандықтар ғана емес, сонымен қатар қазір АҚШ-қа кіруге ниет білдірген басқа елдердің азаматтары да тап болып отыр. Қазір біз АҚШ немесе ДДҰ мақұлдаған вакцина алғандарды қабылдап жатырмыз, - деді Дональд Лу.

Вакцинация. Дональд Лу АҚШ-қа кімдер кіре алатынын айтты

ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллиннің сөзінен қазір қазақстандық QazVac вакцинасын ДДҰ тану бойынша қызу жұмыс жүріп жатқанын байқағанын атап өтті.

Вакцинация. Дональд Лу АҚШ-қа кімдер кіре алатынын айтты

Әзірге АҚШ-қа кіру үшін қоныс аударушылар Pfizer, Moderna, Jonson & Jonson вакцинасының екі дозасын алуы қажет, - деді мемлекеттік хатшының көмекшісі.

Вакцинация. Дональд Лу АҚШ-қа кімдер кіре алатынын айтты

Журналистердің Қазақстанға Pfizer көбірек жеткізіле ме деген сауалына ол бұл мәселенің әлі талқыланатынын айтты. Сонымен қатар ол АҚШ-тың қазақстандық вакцинаны өндіру үшін тиісті құрал-жабдықтарды беруге дайын екенін атап өтті.

Вакцинация. Дональд Лу АҚШ-қа кімдер кіре алатынын айтты

Соондай-ақ Дональд Лу жақын арада Қазақстанға елші тағайындау мәселесі шешілетінін айтты.

Қазақстандағы Елші лауазымына кандидатқа қатысты тиісті ұсыныстар Мемлекеттік хатшыға жіберілді, - деді спикер.

Вакцинация. Дональд Лу АҚШ-қа кімдер кіре алатынын айтты

Шетелдік дипломат Қазақстан астанасынан алған әсерімен де бөлісті.

Соңғы рет мен Нұр-Сұлтанға 21 жыл бұрын келдім, ол кезде қала әлі Астана деп аталады. Кейде даму мен реформалардағы прогресті көру қиын, бірақ шетелдік ретінде мен сіздердің қалаларыңыздың дамуында ғана емес, сонымен қатар екі ел АҚШ пен Қазақстан арасындағы қарым-қатынаста да алға жылжу бар екенін байқаймын, - деп бөлісті ол.

Өзгелердің жаңалығы