Вакцинаның екінші дозасын 60 күннен кейін де алуға болады

21 Сәуір 2021, 17:54
1828
Бөлісу:
Вакцинаның екінші дозасын 60 күннен кейін де алуға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты.

Оның айтуынша, вакцинациялаудың бастапқы кезеңінде ресейлік өндіруші нұсқаулықта «Спутник V» вакцинасының бірінші және екінші компонентін егу арасында 21 күн мерзім болу керектігін, егер азамат қандай да бір жағдаймен вакцина сол мерзімде алынбаса, тағы жеті күнге дейін шегеруге болатынын ескерткен. 

Алайда ресейлік өндірушінің соңғы ғылыми зерттеулері нәтижесінде вакцинаның екінші компонентін алу мерзімін 60 күнге дейін созу мүмкін екені туралы нұсқаулық келді. Осылайша, вакцинаның екінші компонентін 21-60 күн аралығында алу қажет. Өндіруші мерзімді ұзарту вакцинаның антидене қалыптастырудағы сапасына кері әсерін тигізбейді деген шешімге келген. Бұл ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Дегенмен вакцинаның екінші компонентін 21 күннен кейін алуға кеңес береміз, - деді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.

Бұған дейін ол вакцинация сертификаты екінші компонент салынғаннан кейін берілетіні туралы айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы