Вакцинация туралы сертификат екінші доза салынған соң беріледі

21 Сәуір 2021, 17:28
2048
Бөлісу:
Вакцинация туралы сертификат екінші доза салынған соң беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елдегі вакцинация туралы сертификат жайлы Орталық коммуникциялар қызметінде өткен онлайн брифингте ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтып берді. 

Оның айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы егу паспортын кеңінен қолдану жөнінде талап қойған жоқ. 

Алайда көптеген ел вакцинация паспортын кіріктіріп жатыр. Біздің елде де осы мақсатта eGov.kz порталында арнайы қосымша ашылды. Вакцинаның бірінші дозасын алған көптеген тұрғын әлі егу сертификатын ала алмай жатырмыз деген сауалдар жолдауда. Бұл жерде айта кететін жайт, егу туралы сертификат вакцинаның екінші дозасын алғаннан кейін беріледі. Оны вакцина алған азамат платформа қызметіне жүгініп ала алады. Ол үшін соңғы рет жеке куәлікке түскен сурет талап етіледі және сертификат үш тілдегі нұсқамен беріледі, - деді ол. 

Сонымен қатар ол егу сертификаты азаматқа ПТР анықтамасынсыз шетелге баруға, өзге де ғимараттарға еркін кіру құқығын бере ме деген сауалға жауап берді. 

Оның айтуынша, егу паспортына қатысты әлемде әлі қандай да бір талаптар қалыптасқан жоқ. 

Дегенмен әр мемлекетте егу паспортына қатысты өз тәртіптері бар. Біз әзірге бір аймақтан екінші аймаққа бару кезінде сертификатты пайдалану тәртібін енгізген жоқпыз. Егер ол өзге елдің тәртібі бойынша сол елге кіру үшін жарамды болса пайдалануға болады, - деп жауап берді ол.
Бұған дейін неліктен елорда коронавирусқа қарсы вакцинациялау бойынша кестеден қалыс қалғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы