Вакцинацияланған студенттер арасында акциялар өткізетін ЖОО тізімі кеңейтілді

9 Шілде 2021, 23:08
1523
Бөлісу:
Вакцинацияланған студенттер арасында акциялар өткізетін ЖОО тізімі кеңейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар арасында акциялар өткізетін жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтіліп жатыр. Бұған дейін Білім және ғылым министрінің студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру жөніндегі тапсырмасы туралы хабарланған болатын, деп жазды ҚР БҒМ баспасөз қызметі.

Сол кезде 10 жоғары оқу орны жедел шаралар қабылдап, бүгінгі таңда тізім тағы 10 университетпен толықтырылды. Осылайша, жоғары оқу орындарының ректорлары қазір күллі әлемде жүргізіліп жатқан вакцинация қарқынын күшейту жөніндегі жұмысты қолдайды.

Студенттер мен оқытушыларды вакцинациялауға ынталандыру үшін қолданылған нақты шаралар мен жоғары оқу орындарының тізімін қоса береміз.

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университеті (БҚУ)

"Тұран" Университеті

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты (АрқПИ)

Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (КТИУ)

Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті (ШҚУ)

Рудный индустриалдық институты (РИИ)

М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті (СҚУ)

Қарағанды индустриалдық университеті (ҚарИУ)

Павлодар педагогикалық университеті (ППУ)

Бұған дейін студенттер мен оқытушылардың денсаулығын қорғау үшін вакцинациялауға ынталандыру бойынша төмендегі ЖОО-лар нақты шаралар қарастырған болатын:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті (ҚазҰУ)

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ)

НАРХОЗ университеті

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті (ҚазҰПУ)

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (ҚазҰҚПУ).


Өзгелердің жаңалығы