Мұғалім вакцинация паспортын жасады деген күдікке ілінді

14 Шілде 2021, 13:57
3276
Бөлісу:
Мұғалім вакцинация паспортын жасады деген күдікке ілінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Батыс Қазақстан облыстық Полиция департаменті вакцинация паспортын қолдан жасағандарға қатысты қылмыстық іс қозғады. Олардың арасында жергілікті мектеп мұғалімі де бар, деп хабарлады zhaikpress.kz.

Полиция мәліметінше, 2021 жылғы 5-15 маусым аралығында облыс орталығындағы мектеп мұғалімі, 1984 жылғы азаматша COVID-19-ға қарсы жалған вакцинация паспортын жасатқан. 

Аталған дерекке сәйкес ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы, 3-тармағы (Жалған құжаттарды қолдан жасау, дайындау немесе сату) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды.

Өзгелердің жаңалығы