Вакцинация қарқынына қарамастан Ұлыбританияда вирустың таралуы артып келеді

10 Қыркүйек 2021, 15:20
11612
Бөлісу:
Вакцинация қарқынына қарамастан Ұлыбританияда вирустың таралуы артып келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыбританияда қаңтар мен шілдеде тіркелген COVID-19 ауруы мен ауруханаға жатқызудың шыңы қыркүйек айында қайта орын алды. 

Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.

Қазір 8 085 адам орташа ауыр және ауыр жағдайда стационарларда ем қабылдауда. Вакцинацияның жоғары қарқынына қарамастан вирустың таралуы артып келеді. 

Ұлыбритания азаматтары иммундауды коронавирустан нақты қорғаныс ретінде қабылдайтын Еуропадағы санаулы елдердің бірі. Қазіргі уақытта COVID-19-ға қарсы толық вакцинацияланған британдықтардың саны 65% жетті.

Ал Америка Құрама Штаттарында халықтың жекелеген санаттары үшін міндетті иммундау режимі енгізілуде. 

Джозеф Байден COVID-19 вакцинациясының жаңа жоспарын мақұлдады. АҚШ президенті өте жұқпалы «дельта» штаммының таралуы ұзаққа созылуы мүмкін екенін атап өтіп, коронавирустық мутацияның бұл нұсқасы жаңа жағдайлардың көп бөлігін құрайтынын айтты. Жаңа жоспарға сәйкес АҚШ федералды Үкіметінің барлық қызметкері, сондай-ақ оның мердігерлері COVID-19 вакцинациясынан өтуі керек.



Өзгелердің жаңалығы