Вакцинация. Елордалықтардың 66 пайыздан астамы егілді

4 Қазан 2021, 22:59
21082
Бөлісу:
Вакцинация. Елордалықтардың 66 пайыздан астамы егілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада коронавирустық инфекцияға қарсы екпені (1-ші компонентпен) азаматтардың 66,9%-ы алды. Қалада барлығы 433 мыңнан астам азамат бірінші компонентпен егілді, 393 мың адам толық иммундаудан өтті.

Естеріңізге сала кетейік, қазіргі уақытта қала бойынша сауда ойын-сауық орталықтары және сауда үйлері жанында 5 вакцинация пункті орналасқан: "Керуен" сауда ойын-сауық орталығы, "Хан Шатыр", "Азия Парк", "Абу Даби Плаза" және "Евразия" сауда үйлері, сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайында және "Нұрлы жол" теміржол вокзалында. Вакцинация пунктері медициналық мекемелерде де орналасқан. Барлығы 84 вакцинация пункті, сондай-ақ еңбек ұжымдарын вакцинациялау үшін көшпелі бригадалар жұмысын жалғастыруда.

Қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы елордада екпелердің жеткілікті екенін атап өтті. Тек екпе алу арқылы ғана өзіңнің жəне жақындарыңның денсаулығын қауіпсіздендіруге болады. Жаппай вакцинация арқылы ұжымдық иммунитет қалыптасады, бұл карантинге дейінгі өмірге тезірек оралуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы