Вакцинация. Әлемдік ахуал

22 Мамыр 2021, 14:26
2315
Бөлісу:
Вакцинация. Әлемдік ахуал

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДДҰ Сovid-19-дан болған өлім жағдайларын бағалады. Статистика ресми деректерден бірнеше есе жоғары болды.

Анығында 6-8 млн адамның көз жұмуы мүмкін деп мәлімделген еді. ДДҰ бас директорының деректер және аналитика жөніндегі көмекшісі Самира Асма келесі мәліметтерді хабарлады.

Коронавирус салдарынан болған 3,4 миллион өлім жағдайлары қайта қаралуы мүмкін, нақты саны 6-8 млн адам болуы ықтимал - делінген хабарламада. 

Ресейлік вакциналарды өндірушілер Сovid-19 вакцинасының өндірістік қуаттылығының артқаны туралы хабарлады. "Вектор" вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы қуаттылықты айына 1,1 млн дозаға дейін арттырды.  Өткен жылдың соңында бұл көрсеткіш айына 20 мың дозаны құрады. Өз кезегінде РҒА Чумаков атындағы орталықтың директоры Айдар Ишмухаметов "КовиВак" вакцинасының өндірісі жылына 7-8 млн дозаға дейін өсетінін айтты. Көрсеткіштерді жабдықтарды жаңғырту есебінен арттыру көзделіп отыр.

Германия вакциналарды кедей елдерге тарату бағдарламасына қосымша 100 миллион еуро бөледі. Бұл туралы Германия канцлері Ангела Меркель хабарлады. Ол Германияның COVAX бағдарламасына қосқан үлесі 1 млрд. еуродан асқанын атап өтті. Канцлер сонымен қатар Берлин дәрі-дәрмек өндірушілерінен уәде етілген көлемді алса, жыл соңына дейін кедей елдерге вакцинаның 30 миллион дозасын үлестіретіндігін жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы