Вакцина салдырып, 1 млн теңге ұтып алыңыз!

14 Шілде 2021, 12:38
4413
Бөлісу:
Вакцина салдырып, 1 млн теңге ұтып алыңыз!

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау қаласындағы сауда орталықтарының бірінде COVID-19-ға қарсы вакцина салдырғандар арасында 1 млн теңгеге ұтыс ойыны өткізіледі. Бұл туралы сауда ойын-сауық орталығының инстаграмдағы парақшасында хабарланды.

Атыраулықтарға арналған ұтыс ойыны 1 шілде мен 1 қыркүйек аралығында өтеді. Оған қатысу үшін сауда орталығындағы вакциналау бекетінде екпе салдыру қажет. Одан соң қатысушы купонды толтырып, екінші бөлігін арнайы лототронға салады.

Ұтыс ойынына осы сауда орталығында вакцина алған тұрғындар ғана қатысады. Ал 1 млн теңгелік қаржылай жүлденің иегері 1 қыркүйекте @baizaar_mall инстаграм парақшасында тікелей эфирде анықталады, - дейді сауда ойын-сауық орталығының әкімшілігі.
Вакцинациялау құжаты бар адамдар үшін қосымша сыйлық та жоқ емес көрінеді. Сауда орнында ойнатылатын автокөлікті вакцина алғаны туралы құжаты бар адам ұтса, ұтыс салығының 50%-ын СОСО өзіміз төлейміз деп отыр.

Өзгелердің жаңалығы