Вакцина ектіруге келген адам дәрігерді сабап кетті

22 Мамыр 2021, 05:28
1364
Бөлісу:
Вакцина ектіруге келген адам дәрігерді сабап кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында вакцина салдыруға келген ер адам дәрігерді ұрып, әлімжеттік көрсеткен. Бұл жөнінде облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметі хабарлады.

21 мамыр күні Ескелді аудандық орталық ауруханасының емханасында қабылдау жүргізген дәрігерге шабуыл жасалды. 

Вакцина салдыруға келген пациентке түсіндіру жұмыстарын жүргізу барысында пациент дәрігерге дөрекілік танытқан. Дәрігер медициналық ұйымда пациентке өзін дұрыс ұстауды ескерткен. Алайда ескертуге қарамастан, пациент дәрігерге шабуыл жасап, басынан ұрып, тұншықтыра бастаған. Дәрігердің беті мен мойнынан бірнеше рет ұрған. Қазір дәрігер ми шайқалуы диагнозымен амбулаториялық ем қабылдауда. Оқиғаға қатысты дәрігер Ескелді аудандық ішкі істер бөліміне арыз жазды, – деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің өкілі Ләйлім Әубәкірова.

Өзгелердің жаңалығы