Вакцина дозалары арасындағы аралықтың ұлғаюы әзірлеушілердің ұсыныстарына негізделген – Цой

5 Мамыр 2021, 17:24
1293
Бөлісу:
Вакцина дозалары арасындағы аралықтың ұлғаюы  әзірлеушілердің ұсыныстарына негізделген – Цой

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Денсаулық сақтау министрінің халық алдында есеп беру кездесуінің қортындысы туралы өткен брифингте айтты.

Денсаулық сақтау министрлігі вакцинаны әзірлеушілерден, яғни Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтен дозалар арасындағы аралықтың ұзаруы иммундық жауаптың күшіне әсер етпейді, ал кейбір жағдайларда иммунитеттің жоғары белсенділігіне әкеледі деген ресми хат алды, - деп мәлімдеді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.

Цой атағандай, алдымен министрлік вакцина жасаушылардың ұсыныстарына сүйенеді.

Гамалея ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбургтің 22 сәуірдегі ресми мәлімдемесінде айтылғандай, аралықтың ұзаруы адамның иммундық реакциясының күші мен ұзақтығының артуына әкеледі. Екінші компонентпен 45-ші күні вакцинация жүргізу мүмкін болмаған жағдайда (демалыс, мереке күндеріне сәйкес келу, басқа елдімекенге шығу) 90 күн ішінде екпе жүргізуге рұқсат етіледі, - деді Цой.

Министрдің айтуынша, екінші компоненттің вакцинасы жеткілікті мөлшерде, вакцина тапшылығы жоқ, жеткізу кестеге сәйкес жүргізілуде.

Бұл халықты иммундауды айтарлықтай жеделдетуге мүмкіндік береді, себебі қазіргі уақытта медицина қызметкерлерінің барлық күшті вакцинаның бірінші компонентімен қамтуға бағытталған. Вакцинаның бірінші компонентін енгізу 12-14 күннен кейін антиденелер шығаруды қамтамасыз етуге және 3 аптадан кейін иммунитетті көтеруге мүмкіндік береді, - деп түсіндірді ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы.

Цой атағандай, халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Ұлыбритания, Франция, Украина, Чехия, Канада, Италия сияқты елдерде вакциналардың дозалары арасындағы аралықты ұлғайту туралы шешім қабылданды. Атап айтқанда, бұл бірқатар белгілі вакцинаға қатысты - Pfizer/Biotech, Moderna, Vaxzeria, оларға қатысты дозалар арасындағы аралықтардың ұлғаюына жол беріледі.

Өзгелердің жаңалығы