"Вакцина алғандарға да жұға береді". Еуропада COVID-19-дың жаңа штамы анықталды

22 Тамыз 2021, 22:22
7024
Бөлісу:
"Вакцина алғандарға да жұға береді". Еуропада COVID-19-дың жаңа штамы анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швецияның Уппсала округінде коронавирустың «дельта» штамының қосымша мутацияға ұшыраған жаңа түрі анықталды. Бұл туралы Азаттық рух сайты жазды.

SVT Nyheter басылымының жазуынша, инфекцияның бұл түрі ел ішінде жылдам тарап, біртіндеп Еуропаға «жылжи» бастаған.

Швецияда анықталған науқастардың бәрі аз ғана уақыт бұрын Испания мен Португалияға барып келген көрінеді.  

Аталған мутацияның қаншалықты жұқпалы екені белгісіз, дегенмен, оның тіпті толық вакцина алған адамдарға да жұға беретіні анықталды, - делінген хабарламада. 

Бұқаралық ақпарат құралы Уппсала университетінің сарапшысы Матс Мартинеллдің пікіріне сілтеме жасай отырып, «Ғалымдар жаңа штамм салдарынан індеттің қайта өршіп кетуі мүмкін деп болжап отырғанын» жазады.  

Бұдан бұрын COVID-19 вирусын жұқтырғандар саны әлем бойынша әлі де артып жатқаны, сондай-ақ, коронавирустың «альфа», «бета», «гамма» және «дельта» штамдарының географиялық ауқымы ұлғая түскенін хабарланған еді. Соңғы күндері «альфа» штамы тараған елдер саны — 185-тен 190-ға дейін, «бета» — 136-дан 138-ге дейін, «гамма» — 81-ден 82-ге дейін, «дельта» 142-ден 148-ге дейін артқан.

Өзгелердің жаңалығы