Вакцина алғандар неліктен COVID-19 жұқтырып жатқаны белгілі болды

30 Қазан 2021, 14:26
129003
Бөлісу:
Вакцина алғандар неліктен COVID-19  жұқтырып жатқаны белгілі болды

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Ресейдегі Н. Ф. Гамалеи атындағы Ұлттық эпидемиология мен микробиология зерттеу орталығының директоры әрі коронавирус инфекциясына қарсы «Спутник V» вакцинасын жасаушылардың бірі Александр Гинцбург вакцина алғандар мен коронавируспен ауырып алғандар неліктен қайта вирус жұқтырып жатқандарын түсіндірді.

Вакцина алған адамдар ауруды жұқтырады, себебі дельта штамы кезінде жасушалардың есте сақтауы жұмыс істеп үлгермейді, - деді дәрігер жергілікті басылымға берген сұхбатында.

Оның айтуынша, дельта штаммы жасушалармен өзара әрекеттесуді және олардың ішіне ену тәсілін өзгерткен.

Адам ағзасындағы антидене төмендеген сәтте вирус жасушалар арасына кіріп үлгереді. Яғни антиденелер оған қарсылық көрсетіп үлгере алмай қалады. Коронавируспен ауырған соң арада алты-сегіз ай өткенде ағзадағы антидене титрлары төмендейді. Алайда, жасушаның есте сақтауы сақталады, бірақ олар вирус енген соң екінші-төртінші күні ғана жұмыс істей бастайды. Ол кезде кеш болады, - деді Александр Гинцбург.

Сонымен қатар ол вирус бір жасушадан келесіне еркін өтетінін айтады, сол себепті көптеген жасушаны зақымдап үлгереді екен.

Дәрігер сол үшін қан құрамындағы антиденені төмендетпей, жарты жыл сайын ревакцина жасап отыруды атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы