Вакцина алған азаматтар «Ashyq» қосымшасында қашан «жасыл» статусқа ие болады?

3 Маусым 2021, 14:22
3005
Бөлісу:
Вакцина алған азаматтар «Ashyq» қосымшасында қашан «жасыл» статусқа ие болады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин жауап берді.

Оның айтуынша, қазіргі күні осы мәселеге қатысты Денсаулық сақтау министрлігімен жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Жоспарымыз бойынша келесі аптаның басында вакцина алғандардың барлығы «Ashyq» қосымшасын қолдану кезінде «жасыл» статустарын көре алатын болады. Әзірге біз оны «Ashyq» функциясы деп айтып жүрміз. Өйткені ол бірнеше қосымшаға енгізіліп отыр, - деп жауап берді министр Мусин. 

Бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі «Ashyq» функциясы банк қосымшаларына да енгізілетінін айтқан болатын. Қазіргі күні eGov mobile қосымшасынан бөлек қызмет Каспий банк қосымшасында қолжетімді екенін еске саламыз. 

Жуықта бұл функция Халық банк қосымшасына да енгізілмек. 

Өзгелердің жаңалығы