«Ashyq» енді банк қосымшаларына енгізіледі

3 Маусым 2021, 13:03
2070
Бөлісу:
«Ashyq» енді банк қосымшаларына енгізіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Ashyq» жуықта Каспий банктің мобильдік қосымшасына енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин айтты.

Оның айтуынша, «Ashyq» бағдарламасын енді арнайы жүктеп алмай-ақ, оны eGov mobile қосымшасынан пайдалануға болады.

Сонымен қатар көпшіліктің пікіріне құлақ түріп, Kaspi.kz қосымшасына да оның қызметін енгіздік. Қазіргі күні Халық банкінің қосымшасына «Ashyq» функциясын енгізу жөнінде келіссөздер жүргізіліп жатыр. Кәсіпкерлер тарапынан да түрлі ұсыныстар түсуде. Олардың да пікірлеріне назар аударып, қосымшаның қолжетімділігін барынша қамтамасыз етуге тырысамыз, - деді Бағдат Мусин. 

Министрдің айтуынша, қазіргі күні елімізде он мыңға жуық кәсіпорын «Ashyq» қызметін пайдаланады. 

Бұл қосымша шын мәнінде көптеген кәсіпорындардың қайта ашылуына үлкен мүмкіндік берді. Күніне жүз мыңнан астам адам оның функциясын пайдалану арқылы қалаған жерлеріне кіріп жүр. Бағдарламаны мемлекет толықтай өз қарамағына алды. Және осы бағдарлама тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете алатындай дәрежеге жеткізілді, - деді Бағат Мусин.

Өзгелердің жаңалығы