Вакцина алдым. Жағымсыз реакция байқалмады – дәрігер

9 Ақпан 2021, 18:29
3217
Бөлісу:
Вакцина алдым. Жағымсыз реакция байқалмады – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Атырау қалалық №7 емхананың директоры Гүлнафис Таңбаева емхана қызметкерлерімен бірге алғашқылардың бірі болып екпе салдырған.

Бүгінгі күні барлық емдеу-сауықтыру мекемесінде, оның ішінде 7 ауданда, қалалық емханаларда екпе салу медициналық пункттері ұйымдастырылды. Процедуралар барлық санитарлық-эпидемиологиялық талапқа сәйкес жасалды. Вакцина дозалары санитарлық талаптарға сәйкес арнайы қоймада сақтаулы. Алдағы күндері тағы 20 доза алдыртамыз, - дейді ол.

Гүлнафис Әбділдақызының айтуынша, бүгінде бұл емхананың 11 қызметкері екпе салып үлгерген.

Біздің емхананың 11 қызметкері екпе алды. Олардың арасында өзім де бармын. Содан бері аптаға жуық уақыт өтті. Вакцина алған кезде болуы мүмкін деген жағымсыз реакциялардың (температураның көтерілуі, бас ауруы, бас айналуы) бірде бірі менің бойымнан байқалмады. Тек инъекция алған орында гиперемия болды. Әріптестерімнің де жағдайы жақсы. Екінші кезеңдегі екпені 22 ақпанда салдырамыз. Дәрігер ретінде халықты вакцина салуға шақырамын. Себебі бұл коронавирус індетіне тосқауыл қоюдың бірден-бір жолы, - дейді ол.
Еске салсақ, Қазақстанда 1 ақпаннан бастап коронавирусқа қарсы жаппай вакцинациялау басталды. 
Өзгелердің жаңалығы