Үздіктер татами төрінде: Әлемнің мықты дзюдошылары Астанада Grand Slam турнирінде белдеседі

Алайда бұл додаға Абиба Абужақынова мен Елдос Сметов қатыспайды.

 olympic.kz Бүгiн 2026, 02:48
Бүгiн 2026, 02:48
121
Фото: olympic.kz

Әлемнің үздік дзюдошылары Астанада өтетін Grand Slam сериясындағы турнирге жиналады. Жарыс 8–10 мамыр күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Көрермендерге кіру тегін, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстан ҰОК мәліметінше, татамиге 38 елден 300-ден астам спортшы шығады. Олардың қатарында Олимпиада жүлдегерлері, әлем чемпионаттарының медаль иегерлері және өзге де ірі халықаралық жарыстардың жеңімпаздары бар.

Қазақстан құрамасын бұл Grand Slam турнирінде 2024 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Гусман Кыргызбаев бастап шығады. Тәжірибелі дзюдошы бұған дейін бірнеше ірі халықаралық жарысты жіберіп алған еді. Үйдегі турнир қарсаңында ол қазіргі дайындығы туралы айтып өтті.

Ал Әбиба Әбужақынова мен Елдос Сметов жарақаттан кейінгі қалпына келу кезеңіне байланысты бұл жарысты өткізеді.

Ерлер

  • 60 кг-ға дейін: Шерзод Давлатов, Талғат Орынбасар, Мағжан Шамшадин, Сұңғат Нұрлатұлы
  • 66 кг-ға дейін: Гусман Кыргызбаев, Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов, Бауыржан Нарбаев
  • 73 кг-ға дейін: Есет Қуанов, Ансарбек Ғайнулин, Ерсұлтан Дүйсенхан, Ануар Жұмагелдин
  • 81 кг-ға дейін: Досхан Жолжақсынов, Мәди Амангелді, Жалғас Қайролла, Ерзат Арғынов
  • 90 кг-ға дейін: Айдар Арапов, Айбол Нысанали, Барақ Арқабай, Ақжол Дүйсенбаев
  • 100 кг-ға дейін: Марат Байкамуров, Нұрлыхан Шархан, Бақжан Байтас, Асқар Біржанов
  • 100 кг-дан жоғары: Жантілек Нұртілепұлы, Санжар Жабборов, Ғалымжан Қырықбай, Еламан Ерғалиев

Әйелдер

  • 48 кг-ға дейін: Аяна Дүйсенбай, Диана Бүркеева, Інкәр Құралбай, Тасним Абдуали
  • 52 кг-ға дейін: Меруерт Сәрсенова, Айшабибі Мұрадимова, Аружан Ережепова, Фатима Супугалиева
  • 57 кг-ға дейін: Дана Әбдірова, Бақыт Құсакбаева, Карина Қаракенова, Дина Мұханбет
  • 63 кг-ға дейін: Самалай Ерғалиева, Эсмигүл Құюлова, Дәмеля Асылханова, Асылжан Орынбасарова
  • 70 кг-ға дейін: Ажар Асхат, Мөлдір Нарынова
  • 78 кг-ға дейін: Аруна Жангелдина, Шынар Абатова, Екатерина Токарева
  • 78 кг-дан жоғары: Акерке Рамазанова, Айда Тойшыбекова, Камила Берлікаш, Назгүл Маратова.
Наверх