Үздік учаскелік полиция инспекторы онлайн дауыс беру арқылы анықталады

2 Шілде 2019, 22:19
2908
Бөлісу:
Үздік учаскелік полиция инспекторы онлайн дауыс беру арқылы анықталады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ-нің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында еліміздің ішкі істер органдарының үздік учаскелік полиция инспекторы атағына үміткерлердің тізімі жарияланды, деп хабарлады ҚР Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ең үздік учаскелік полиция инспекторларының онлайн дауыс беруінің алдында аудандардағы, қалалардағы және облыстардағы үздік учаскелік полиция инспекторлары арасында байқау өтті. 17 үміткерлер әр өңірден іріктеліп алынды.
Әлеуметтік желілердің қолданушылары ағымдағы жылғы 1-8 шілде аралығында үміткерлермен, олар туралы қысқаша ақпаратпен танысып дауыс бере алады.

ІІО үздік учаскелік полиция инспекторы болып дауыс беру қорытындысы бойынша пайдаланушылардың ең көп дауысын жинаған кандидат танылады.
Өткізіліп жатқан конкурстың мақсаты – қызметкерлердің кәсіби шеберлігін шыңдауға, біліктілігі мен білімін анықтау, өзара және құзыретті болуын анықтау, сондай-ақ ұжымдағы салауатты бәсекелестік.
 
"Онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша, ағымдағы жылғы 12 шілдеде ІІМ-де оқыту семинарымен учаскелік республикалық слет өтеді, онда алдын алу қызметін жетілдірудің тәжірибелік мәселелері пысықталып, жеңімпаз полицейлер марапатталады. Ішкі істер министрлігі ІІМ-нің әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн дауыс беруге қатысуға шақырады", - делінген таратылған ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы