Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10-ға жетті

17 Наурыз 2020, 15:12
1475
Бөлісу:
Өзбекстанда коронавирус жұқтырғандар саны 10-ға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өзбекстанда COVID-19 коронавирусын жұқтырғандар саны 10 адамға жетті.

Бұл туралы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram-каналында хабарланды.

Сегізінші адам Лондоннан келген Өзбекстан азаматы болып шықты. Ол 14 наурыз күні Uzbekistan Airways компаниясының HY201 рейсімен ұшып келген. Коронавирус жұқтырған жетінші адам Өзбекстанда алғаш анықталған азаматтың туысы екен.

Өзбекстанда алғашқы жағдай 15 наурызда тіркелді. 

Қазақстанда 2020 жылдың 17 наурыздағы жағдай бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 27 адамға жетті.

Өзгелердің жаңалығы