Ұйымдасқан қылмыстық топтың кесірінен бюджетке 1 млрд теңге түспеген

9 Маусым 2022, 10:44
1192
Бөлісу:
Ұйымдасқан қылмыстық топтың кесірінен бюджетке 1 млрд теңге түспеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМА Жамбыл облысы бойынша аумақтық Департаменті «Көмековтер» ұйымдасқан қылмыстық тобына қатысты қылмыстық істі тергеді. 

Көмековтер ұйымдасқан қылмыстық топтың 7 белсенді мүшесін басқарғаны, олардың әрқайсысы жалған кәсіпорындардың тұтас желісі арқылы іс жүзінде жұмыс істемей, шот-фактураларды берудің қылмыстық схемасында белгіленген қызмет жасағаны анықталды. 

Ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз әрекеттерінің нәтижесінде мемлекет бюджетіне салық түріндегі 1 миллиард теңгеден астам қаражат түспеген, - делінген хабарламада.

Сот ұйымдасқан қылмыстық топтың кеңсесін және 17 миллион теңгеден астам қаражатты тәркілеумен қатар, мемлекеттік кірістер органдардың 10 млрд теңгеден астам сомаға келтірілген залал сомасын өтеп беру туралы азаматтық талап арызын да қанағаттандырды. 

Сот үкімімен ұйымдасқан қылмыстық топқа қатысушылар түзеу мекемелерінде 3 жылдан 5 жылға дейін әртүрлі мерзімге бас бостандығынан айырылды, Көмековтер қылмыстық жолмен тапқан мүлкі тәркіленіп, 7 және 10 жылға бас бостандығынан айырылды.

Өзгелердің жаңалығы