Үйлестіру жұмыстарының әлсіздігі: Смайылов неге сынады?

4 Мамыр 2022, 10:50
1515
Бөлісу:
Үйлестіру жұмыстарының әлсіздігі: Смайылов неге сынады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді. 

Құрылысы ұзаққа созылған 10 жобаның қазір 7-і пайдалануға берілді. Қалған 3 жоба биыл іске қосылады. Мұндай проблемалардың орын алуының басты себебі – негізінен жобалық құжаттамалардың сапасыз дайындалуы. Соның кесірінен жоба құны бірнеше есе қымбаттап кетеді де, тапсырыс берушілер мен мердігер компаниялар арасында келіспеушілік орын алады. Мұның барлығы – жергілікті билік тарапынан үйлестіру жұмыстарының әлсіздігінен, - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Сондай-ақ ол жаңа жобаларды іске асыруда тапсырмалардың уақытында орындалуы маңызды деп отыр.

Аталған проблемаларға қарамастан, жалпы халықты сумен қамтамасыз ету жұмыстары жақсы қарқынмен жүріп жатыр. Осы ретте мына мәселелерге назар аударғым келеді. Бірінші. Жыл соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету көрсеткішін ауылдарда 94,7%-ға, ал қалаларда 98,5%-ға жеткізу қажет. Осыған байланысты өңір әкімдіктеріне сумен жабдықтаудың кешенді жоспарларын тез арада қайта нақтылауды  және апатты жағдайдағы су құбырларын  шұғыл түрде жөндеуді тапсырамын, - деді Әлихан Смайылов.

Өзгелердің жаңалығы