Үйін есірткі зертханасына айналдырған атыраулық қолға түсті

2 Наурыз 2024, 01:17
598
Бөлісу:
Үйін есірткі зертханасына айналдырған атыраулық қолға түсті
Фото: Арман Мухатов -архив

Атырауда есірткі фитолабораториясы жойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Атырау облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы мен Кинология қызметі орталығының өкілдері бірлесіп үйінде қарасора өсірген 51 жастағы Атырау қаласының тұрғынын ұстады.

Ол өсімдікке жылу беретін жарық құрылғылары мен суару жүйелерін орнатып, құнарлы топырақ пайдалана отырып есірткі фитозертханасын жабдықтаған. Тексеру барысында салмағы 1 келіден астам 68 түп қарасора тәркіленді, - деп атап өтті ведомстводан.

Қазіргі таңда құрамында есiрткi заттары бар тыйым салынған өсiмдiктердi заңсыз егу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Өзгелердің жаңалығы