«Үй жанындағы» дүкендердің бағасына сенуге бола ма?

5 Тамыз 2022, 23:30
1695
Бөлісу:
«Үй жанындағы»  дүкендердің бағасына сенуге бола ма?

Бір апта ішінде Сауда комитеті 40,3 мың «үй жанындағы» дүкенді тексеріп, онда 734 бұзушылық анықталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл ретте, сауда үстемесін асыра пайдаланғаны үшін әкімшілік сипаттағы шаралар қолданылды, ішкі сауда субъектілеріне қатысты ескерту түрінде 126 әкімшілік хаттама толтырылып, 1 айыппұл салынды.

Комитетте кәсіпкерлерге негізгі азық-түлік өнімдеріне (СПТ) сауда үстемесін арттырғаны үшін ӘҚБтК-нің 204-4-бабы негізінде 300 АЕК мөлшерінде айыппұл салынатынын ескертті.

СИМ Сауда комитетінде ӘМАТ тізбесіне 19 азық-түлік, жарма және көкөністер кіретінін еске салады (1-ші сұрыпты ұн, 1-ші сұрыпты ұннан жасалған нан (формалы), түтік кеспе (өлшеніп сатылатын), қарақұмық (өлшеніп сатылатын), күріш (өлшеніп сатылатын), картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат, құмшекер, күнбағыс майы, сиыр еті (сүйектері бар жауырын-төс бөлігі), тауық еті (сан және жіліншік сүйегі), жұмсақ қаптамадағы сүт  майлылығы 2,5% , жұмсақ қаптамадағы айран майлылығы  2,5%, сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%), тауық жұмыртқасы (I санаты), ас тұзы ("Экстра"-дан басқа), сүзбе 5 – 9% майлылығы).

Бұл ретте шекті сауда үстемесінің рұқсат етілген мөлшері өндірушінің босату бағасының немесе көтерме сауда жеткізушінің сатып алу бағасының 15%-ынан аспайды. 

Ең көп бұзушылық Нұр-Сұлтан қаласында (278) және ШҚО-да (80) анықталды.

Одан әрі Түркістан облысында (38), БҚО-да (33), Қостанай облысында және Маңғыстау облысында (32-ден), Жетісу облысында (30).

Одан кейін Алматы облысы (28), Атырау облысы (27), Алматы қаласы және Жамбыл облысы (23-тен), Ақмола облысы (21).

Павлодар облысында - 17, Ақтөбе облысында-13, СҚО-12, Қарағанды облысында және Қызылорда облысында (11-ден), Абай облысында және Шымкент қаласында (10-нан).

Ең аз бұзушылықтар Ұлытау облысында (6).

Түсіндіру жүргізу нәтижесінде сауда объектілері ӘМАТ-қа сауда үстемелерін 5-15% - ға дейін төмендетті, - деді комитетте.

Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша бөлшек сауда көлемі 6,1 трлн теңгеге жетті – бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,8% - ға артық.

Өзгелердің жаңалығы