Үй жануарының паспортын енді онлайн рәсімдеуге болады

Енді жануарлардың құжатын дайындау қиындыққа соқпайды.

5 Тамыз 2026, 20:02
АВТОР
 eGov.kz 5 Тамыз 2026, 20:02
5 Тамыз 2026, 20:02
207
Фото: eGov.kz

Қазақстандағы үй жануарларының иелері eGov Mobile қосымшасы арқылы өз үй жануарының цифрлық паспортын кез келген уақытта аша алады.

Цифрлық паспортты қайдан табуға болады?

Құжат «Цифрлық құжаттар» бөліміндегі «Басқа құжаттар» санатында қолжетімді.

Паспортта не қамтылған?

Цифрлық паспортта үй жануары туралы негізгі ақпарат, соның ішінде вакцинация туралы мәліметтер және басқа да маңызды деректер жинақталған. Қажет болған жағдайда құжатты смартфоннан бірден ашып, көрсете аласыз.

Құжатты қалай ашуға болады?

Қызметті пайдалану үшін:

  • eGov Mobile қосымшасын ашу;

  • «Цифрлық құжаттар» бөліміне өту;

  • «Басқа құжаттар» санатын таңдау;

  • «Үй жануарының паспортын» ашу қажет.

Айта кетейік, бұл қызмет үй жануарының иелеріне қағаз нұсқасын өзімен бірге алып жүрмей-ақ, құжатты әрдайым қолжетімді ұстауға мүмкіндік береді.

 

Наверх