Елімізде тамыз айында үй бағасы қымбаттаған

10 Қыркүйек 2019, 11:56
1462
Бөлісу:
Елімізде тамыз айында үй бағасы қымбаттаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды. Бұл туралы Статистика комитеті хабарлады. 

"2019 жылғы тамызда өткен аймен салыстырғанда абаттандырылған тұрғын үйлерді және абаттандырылмаған тұрғын үйлерді алып сату бағалары – 1,2%-дан, жаңа тұрғын үйлерді сату 0,1% өсті. Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,6% жоғары болды", - делінген хабарламада
үй бағасы.jpg
үй бағасы 1.jpg
Тұрғын үй нарығындағы бағаны байқау астанада, Алматы, Шымкент, Семей қалаларында және облыс орталықтарында құрылыс компанияларын қоса қалалық қор бойынша жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардың іріктелген шеңбері бойынша жүргізіледі.



Өзгелердің жаңалығы