Үстел теннисінен топ-12 турнирінің жеңімпаздары анықталды

27 Желтоқсан 2021, 08:48
1105
Бөлісу:
Үстел теннисінен топ-12 турнирінің жеңімпаздары анықталды

Нұр-Сұлтан,BAQ.KZ. Алматыда үстел теннисінен ұлттық құрамаға іріктеу саналатын ТОП-12 турнирі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер есімі белгілі болды деп жазады Olympic.kz. 

Қыздар арасындағы бәсекеде Зәуреш Ақашева топ жарды. Ол финалда Анастасия Лаврованы ұтқан болатын. Қола жүлде Сарвиноз Миркадированың еншісінде. 

Ерлер арасында Айдос Кенжеғұловқа тең келер ешкім болмады. Оралдық спортшы ақтық сында Денис Жолудевті жеңген. Үшінші орынды Эрик Райтер иеленді. 

Өзгелердің жаңалығы