Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. "Үздік педагог" атағын жеңіп алған Жамбыл облысы Байзақ ауданы Ғани Мұратбаев атындағы гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Бақыт Күдериева конкурс талаптарының қандай болғанын айтып берді.
Оқи отырыңыз:

Айтуынша, іріктеу кезеңдерінде теориялық сұрақтар күрделі болған.
"Мен алдымен мұғалімнің ең алдымен теориялық білім мықты болуы керек деген ұстанымға келдім. Терең теориялық білімнің арұқасында тестен сүрінбей өттім. Қалғаны - мұғалімнің шығармашылық жолында жасалатын жұмыстар", - деді Бақыт Күдериева.

Сонымен қатар, "Үздік педагог" жеңісті күніндегі әсерімен бөлісті.
"Бүгінгі көңіл-күйім өте керемет. Нұр-Сұлтан қаласына үздік педагог ретінде келіп тұрмын. Тәуелсіз еліміздің елордасында осындай биік жүлдеге ие болып жатқаныма қуаныштымын. Елде болып жатқан барлық іс-шаралар біздің көңіл–күйімізден шығып жатыр. Педагог мәртбесін арттыру бойынша бірқатар бастама жүзеге асырылуда. Педагогтың қадір-қасиетін артыратын шаралар көңілді көншітеді", - деді ол.

Айта кетсек, дәл қазір елордада 2019 жылы "Үздік педагог" болған мұғалімдер марапатталып жатыр.
Осыған дейін білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовтың өзінің ұстазын еске алғаны туралы жазғанбыз.