Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды

18 Қазан 2021, 15:15
14802
Бөлісу:
Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа bilimustaz.kz платформасы іске қосылды.

Педагогтар біліктілігін арттыруға арналған онлайн-курстар bilimustaz.kz платформасы педагогика мен педагогикалық технологиялардың, мектеп психологиясының және цифрлық ресурстарды қолдана отырып оқытуды ұйымдастырудың өзекті мәселелеріне арналған.

Платформа арқылы тегін курстан өтуге болады:

  • Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтің заманауи құзыреттерін қалыптастыру;
  • Педагогтың цифрлық сауаттылығы: білім беру процесіне тиімді цифрлық құралдарды енгізу;
  • Цифрлық сауаттылық;
  • Бағалау және рефлексия;
  • Мұғалімдерге арналған әдістемелік шеберхана;
  • OnlineMektep-ті қолданып, қашықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады? (мұғалімдерге арналған);
  • OnlineMektep-ті қолданып, қашықтан оқытуды қалай ұйымдастыруға болады? (оқушыларға арналған);
  • Әдістемелік шеберхана: мұғалімдерге арналған теория мен тәжірибе;
  • Педагогика негіздері және оқыту әдістемелері;
  • Инклюзивті білім беруге кіріспе;
  • Microsoft OneNote сыныптың жазу кітапшасын қолданып, тапсырмалар құрастыру;
  • Microsoft Teams бағдарламасымен танысу;
  • Эссе қалай жазылады?
«Педагогтардың біліктілігін арттыру курстарының білім беру бағдарламаларын әзірлеу, келісу және бекіту қағидаларын бекіту туралы» БҒМ 2020 жылғы 4 мамырдағы №175 бұйрығына сәйкес «Білім берудің цифрлық трансформациясы жағдайында педагогтың заманауи құзыреттерін қалыптастыру» (Абай атындағы ҚазҰПУ Информатика және білімді ақпараттандыру кафедрасымен бірлесіп әзірленген) және «Педагогтың цифрлық сауаттылығы: білім беру процесіне тиімді цифрлық құралдарды енгізу» бағдарламалары Білім және ғылым министрлігінің Сараптама кеңесінің сараптамасынан өтті.

Курстарды өткенде дәріс материалы, видео, оқыған тақырыптарды бекітуге арналған жаттығулар, өз бетінше оқуға арналған материалдар, зертханалық жұмыстар және әр сабақтан кейін өзін-өзі бақылауға арналған тест тапсырмалары беріледі. Сондай-ақ педагогтарға курстан кейін де қолдау көрсетіледі. Курс қорытынды тестілеумен аяқталады, егер одан сәтті өтсе, педагогқа сертификат алуға мүмкіндік беріледі.

Онлайн-курстар мен вебинарлар өндірістен қол үзбей-ақ педагогтің біліктілігін арттыруға және өзіне ыңғайлы уақытта және ыңғайлы жерде оқуға мүмкіндік береді.

Өзгелердің жаңалығы