Оқу-ағарту министрлігі Ашық НҚА порталында Қазақстандағы мерекелік күндердің тізбесіне өзгерістер енгізу жөніндегі Үкімет қаулысының жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мұғалім күні – 5 қазан, - делінген құжатта.
Қолданыстағы ҚР кәсіби мерекелер тізбесінде ұстаздар күні қазан айының бірінші жексенбісіне бекітілген еді. Қаулы жобасы 16 ақпанға дейін қоғам талқысына ұсынылған.