Үштік газ одағы: Бұл туралы сөз болған жоқ – министр

12 Желтоқсан 2022, 13:40
1046
Бөлісу:
Үштік газ одағы: Бұл туралы сөз болған жоқ – министр

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкіметтің кеңейтілген отырысынан соң Ресейдің ұсынған «газ одағын құру» идеясынан хабарсыз екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Ешқандай одақ мәселесі талқыланбады. Бұл екіжақты талқыланатын мәселе. Мысалы, Өзбекстан-Қазақстан, Ресей-Қазақстан келіссөздері сияқты. Бірақ біз бұрыннан қарым-қатынас жасайтын елміз. Одақ құрамыз деген ойды ешкім көтерген жоқ, – деді Ақшолақов.

«Демек, газ одағын құру деген ақпарат шындыққа жанаспай ма?» деп сұрады журналис.

Бұл ақпаратты кім бергенін білмеймін. Бірақ бізде қаралған жоқ, – нақтылады ведомства басшысы.

Өзгелердің жаңалығы