"Үшарал – Достық" автожолында лазерлік жүйе орнатылды

Бұл бастама жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру бағытында қолға алынған маңызды жобалардың бірі болып табылады.

 Қазавтожол Бүгiн 2026, 21:39
Бүгiн 2026, 21:39
103
Фото: Қазавтожол

Жетісу облысында республикалық маңызы бар "Үшарал – Достық" автожолының 13-шақырымында заманауи лазерлік қондырғы орнатылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған жүйенің басты мақсаты – әсіресе түнгі уақытта жолдың жүріс бөлігін айқын көрсетіп, жүргізушілерге дұрыс бағдар беруді қамтамасыз ету. Лазерлік қондырғы жол сызықтарын айқындап, бағытты нақты көрсетеді, бұл өз кезегінде көріну деңгейі төмен жағдайларда аса тиімді.

Сонымен қатар, қондырғы қауіпті учаскелерде қосымша ескерту қызметін атқарып, жүргізушілердің назарын арттыруға көмектеседі. Нәтижесінде, жол-көлік оқиғаларының алдын алу мүмкіндігі күшейіп, қозғалыс қауіпсіздігі жаңа деңгейге көтеріледі.

Наверх