Ұшақта полиция қызметкерін балағаттаған әйел жауапқа тартылды

Ұшақ бортында полицейді балағаттаған әйелге айыппұл салынды.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов 14 Шілде 2026, 19:20
14 Шілде 2026, 19:20
179
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Астана тұрғыны әуе кемесінің бортында полиция қызметкерін тілдегені үшін қылмыстық жауаптылыққа тартылды.

Белгілі болғандай, осы жылдың наурыз айында мас болған жолаушы әйел полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қызметтік міндеттерін атқарып жүрген билік өкілін көпшілік алдында қорлаған.

Көлік прокуратурасы мемлекеттік айыптауды қолдаған іс бойынша сот әйелді кінәлі деп танып, оған айыппұл салды. Прокуратура өкілдері билік өкілін қорлағаны және полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбағаны үшін жауаптылық көзделгенін ескертеді, - деп хабарлады Бас көлік прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салайық, бұған дейін Жамбыл облысында полицейге қол көтерген әйел қамауға алынды.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Қазақстан мен Грузия арасында жаңа әуе рейсі ашылады

Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді

Қазақстан Таяу Шығыстағы жеті елге сәлемдемелер жіберуді уақытша тоқтатты

Наверх