Полицейге қол көтерген әйел: Жамбыл облысында кафе әкімшісі қамауға алынды

Полиция қызметкерлерін балағаттап, қарсылық танытқан кафе әкімшісіне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Бүгiн 2026, 17:43
АВТОР
 видеодан скриншот Бүгiн 2026, 17:43
Бүгiн 2026, 17:43
144
Фото: видеодан скриншот

Жамбыл облысы Қордай ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері кафелердің бірінде әкімшілік заңнаманы бұзудың бірқатар деректерінің жолын кесті.

Әкімшілік материалдарды рәсімдеу кезінде жағдай ушыққан.

Кафе әкімшісі полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынудан бас тартып, хаттама толтыруға кедергі келтірген. Ол полиция қызметкерлерін балағаттап, бейәдеп сөздер айтып, белсенді түрде қарсылық көрсетіп, тәртіп сақшыларына түрлі заттарды лақтырған.

Бұдан бөлек, әйел адам учаскелік полиция инспекторына қол жұмсап, ғимараттан итеріп шығаруға әрекет жасаған. Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 378-бабы 1-бөлігі (билік өкілін қорлау) және 380-бабы 3-бөлігі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды, - деп хабарлады Жамбыл облысының ПД баспасөз қызметі. 

Жамбыл облысының Полиция департаменті мұндай заң бұзушылықтардың қатаң жолы кесілетінін және кінәлілер заң аясында толық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Еске салайық, бұған дейін Астанада полицейлерді балағаттаған тұрғын 3 жылға сотталып кетті.

Тағы оқи отырыңыздар: 

Астанада мешітке барған әйел қымбат киімінен айырылып қалды

Ақтауда қызметкер "разборка" жасау үшін кеңсеге "қару мен граната" алып барған

Жыныстық қысым айыбы: Данияр Мейірханның адвокаты іс тоқтатылғанын мәлімдеді

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх