Индонезия Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізді

Қазақстан Индонезия визасыз режимді кеңейткен 19 елдің тізіміне енді.

14 Шілде 2026, 13:45
АВТОР
 ©BAQ.KZ коллажы 14 Шілде 2026, 13:45
14 Шілде 2026, 13:45
224
Фото: ©BAQ.KZ коллажы

Қазақстандықтар енді Индонезияда визасыз 30 күнге дейін жүре алады. Жаңа ережелер 11 шілдеде күшіне енді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан азаматтарына келген кезде құны шамамен 33 доллар болатын виза рәсімдеу қажет еді. Енді бұл талап жойылды.

Сонымен қатар, саяхатшыларға бұрынғыдай Arrival Card (келу картасын) толтыру қажет.

Қазақстан Индонезия визасыз режимді кеңейткен 19 елдің тізіміне енді. Оның ішіне, атап айтқанда, Түркия, Бразилия, Малайзия, Сингапур, Вьетнам, Филиппин, Камбоджа және Беларусь те кірді.

Индонезия билігі визалық режимді жеңілдету шетелдік туристер ағынын арттыруға көмектеседі деп үміттенеді.

Биыл бұл ел 17,6 миллион саяхатшыны қабылдауды жоспарлап отыр. Бұған дейін Индонезия билігі Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты 1,5 мыңға жуық авиарейс тоқтатылып, бұл туристер ағынына кері әсерін тигізгенін хабарлаған болатын. Осыған байланысты ел Азия мен Океаниядан келетін туристерге басымдық беруді жөн көрді.

Еске салайық, бұған дейін ЕО визасын алу жеңілдеуі мүмкін екені айтылып, Қазақстан мен Еуроодақ келісімге қол қоюға дайындалып жатқаны хабарланды

Наверх