Ұшақта "бомбам бар" деп айтқан жолаушы 5 жылға сотталуы мүмкін

17 Сәуір 2023, 16:04
927
Бөлісу:
Ұшақта "бомбам бар" деп айтқан жолаушы 5 жылға сотталуы мүмкін
Фото: avianews.com

Оқиға 16 сәуірде Астанадан Алматыға бағыт алған Air Astana ұшағында болды, деп хабарлайды BAQ.KZ informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Авиакомпанияда болған оқиға туралы түсініктемені тек бүгін берді.

Эконом-класстағы жолаушының бірі экипажға "бомбам бар" деп айтты. Сол сәтте ұшақтағы жолаушылар мен экипаж мүшелері эвакуацияланып, әуе кемесіне тексеру жүргізілді. Оқиға салдарынан рейс 6 сағат 29 минутқа кешікті. Рейстің барлық жолаушыларына авиакомпания тамақ берді. Ал бомба туралы ақпарат расталмады, - деп мәлімдеді Air Astana.

Ал жалған ақпарат таратқан жолаушы ешқайда ұшпады. Оны полиция ұстап әкетті. ҚАзір оған қатысты Қылмыстық кодекстің 273-бабы бойынша ("Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабар") қылмыстық іс қозғалды.

Бұл бап бойынша 5000 АЕК дейін айыппұл, түзету жұмыстары, 5 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе айыру сияқты жазасы көзделген.

Өзгелердің жаңалығы