Ұшақты дронмен соғуы мүмкін – Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесі

9 Қаңтар 2020, 16:06
5907
Бөлісу:
Ұшақты дронмен соғуы мүмкін – Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесі

Алматы, BAQ.KZ. Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі Иранда апатқа ұшыраған украиналық ұшақтың құлауына дрон себепкер болуы мүмкін екенін айтты. 

Бұл туралы РИА "Новости" хабарлады.

Ел билігі ұшақтың құлауына бірнеше себеп бар болуы мүмкін екенін айтты. Оның ішінде терракт салдарынан болған жарылыс, зенитті зымыранмен атқылау, сонымен қатар техникалық себептерге байланысты қозғалтқыштағы жарылыс, дронмен немесе басқа да нысанмен соғылуы мүмкін деген ойда, - делінген хабарламада.

8 қаңтар күні Тегераннан Киевке бет алған Украина халықаралық авиациясына тиесілі PS752 рейсі көкке көтерілісімен екі минут өткенде апатқа ұшыраған болатын. 

Апат салдарынан бортта болған 176 адамның ешқайсысы тірі қалмады.


Өзгелердің жаңалығы