Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Ұшақ апаты: Бір адам тірі табылды

12 Маусым 2025, 19:30
1510
Бөлісу:
 News18
Фото: News18

Үндістанда ұшақ апатынан бір адам аман қалған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі ANI агенттігінің X әлеуметтік желісіндегі мәліметіне сілтеме жасап.

Хабарламада қазіргі уақытта бір адамның тірі табылғаны айтылған. Жолаушы Boeing 787-8 Dreamliner ұшағының сынықтары арасынан іздестіру жұмыстары кезінде табылған. Қазір ол ауруханаға жеткізілді. Оның денсаулығына қатысты қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

ANI агенттігінің хабарлауынша, Ахмедабад қаласының полиция комиссары Г.С. Малик аман қалған жолаушының ауруханаға жеткізілгенін растаған.

Еске салайық, бүгін Үндістанның Ахмедабад қаласында 232 адамы бар жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Air India әуе компаниясының Ахмедабадтан Лондонға бет алған Boeing 787 Dreamliner ұшағы әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Өзгелердің жаңалығы