Ұшақ апаты: ҰҚК ғимаратының туы төмен түсірілді

15 Наурыз 2021, 16:54
2443
Бөлісу:
Ұшақ апаты: ҰҚК ғимаратының туы төмен түсірілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҰҚК баспасөз қызметі бүгін сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» орнайтынын хабарлады. 

Ұшақ апаты: ҰҚК ғимаратының туы төмен түсірілді

2021 жылғы 15 наурызда Алматы облысының Боралдай кентінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті басшылығының қатысуымен ҰҚК Авиация қызметінің қаза тапқан әскери қызметшілеріне әскери құрмет көрсету рәсімі өткізілді.

Ұшақ апаты: ҰҚК ғимаратының туы төмен түсірілді

Қаза тапқандарды жерлеу орнына жеткізу үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жерүсті және әуе көлік құралдары тартылды.

ҰҚК қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстары мен жақындарына барлық қажетті көмек пен қолдауды көрсетуде.

Ұшақ апаты: ҰҚК ғимаратының туы төмен түсірілді

Іс-шара барысында әскерилер қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді еске алды. Сондай-ақ ҰҚК Орталық аппаратының ғимаратында ведомстволық ту төмен түсірілді, сағат 17:22-де ұлттық қауіпсіздік органдарында «Бір минут үнсіздік» өткізіледі, - делінген хабарламада.
Құрылған ведомствоаралық жұмыс комиссиясы әуе апатының барлық мән-жайларын анықтау және борттық өздігінен жазатын құралды талдау бойынша жұмыс жүргізуде.

Нәтижелері туралы қосымша хабарланатын болады.

Айта кетейік, кеше Нұр-Сұлтан-Алматы бағытында ұшып келе жатқан АН-26 әскери ұшағы сағат 17.22-де радардан жоғалып, қала әуежайына шұғыл қонды. Бортта болған төрт азамат қаза тапты, екеуі түрлі жарақаттармен Алматы қаласының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті АН-26 әскери ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан қаза тапқандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы маңайында құлаған әскери ұшақта қаза болған әскери қызметкерлердің туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Сондай-ақ Президент тапсырмасы бойынша әуе апатының себептерін анықтау жұмыстары басталды.

Алматы қаласы әкімі Бақытжан Сағынтаев ұшақ апаты болған жерге барып, апатынан зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетуді тапсырды.

Кеше Ұлттық қауіпсіздік комитетінің сайтында әскери борышын атқару кезінде қайғылы жағдайда қаза болған ҰҚК Авиация қызметі әскери қызметшілері туралы ақпарат жарияланды.

Сондай-ақ апат салдарынан зардап шеккен екі әскери қызметшінің жағдайы қандай екені белгілі болды.

Өзгелердің жаңалығы