Үш жыл ең қиын кезең болды – Мемлекет басшысы

15 Маусым 2022, 14:52
1301
Бөлісу:
Үш жыл ең қиын кезең болды – Мемлекет басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Россия-24» телеарнасына берген сұхбатында мәлімдеді. 

Президент тақта отырған кезеңде қандай қиындықтармен бетпе-бет келгенін атап өтті. 

Шын мәнінде мен 3 жыл бұрын Мемлекет басшысы ретінде жұмысыма кіріскен едім. Осы 3 жыл мен үшін ғана емес, бүкіл дүние жүзі үшін қиын кезең болды. Әлемдегі жағдайлардың тұрақсыздығы, COVID-19 пандемиясы секілді сындарлы кезеңдерді бастан кешірдік. Қазақстан үшін күрделі жылдар ретінде есте қалды. Елдің оңтүстігінде әскери қоймалар жарылды. Оңтүстік өңірде қатты су басты. Экономикалық жағдай да көңіл көншітпеді. Көптеген мемлекет секілді біз де біраз есеңгіреп тұрдық. Аталған қиын сәттерден, тығырықтан абыроймен шыға білдік деп ойлаймын, - деді Президент. 

Сонымен қатар ол аталған қиындықтарды еңсерудегі ең басты күшке тоқталды. 

Ең бастысы – Қазақстан халқының қолдауы болды. Онсыз, көпұлтты мемлекетіміздің бір адамдай жұмылып, бірігуінсіз соңғы нәтижеге қол жеткізу өте қиын болар еді, - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев. 

Өзгелердің жаңалығы