Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Үш салмақ бойынша кездесулер басталды

16 Қыркүйек 2019, 11:36
2175
Бөлісу:
Күрес түрлерінен әлем чемпионаты: Үш салмақ бойынша кездесулер басталды
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елорда олимпиадалық күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында үш салмақ бойынша белдесулер басталды.

Атап айтқанда, 60 келі, 77 және 130 келінің балуандары жарыс жолына шықты. Қазақстан намысын Mейрамбек Айнағұлов, Асхат Ділмұхамедов, Maнсұр Шадукаевтар қорғайды:

130 келі: Konsta Johannes Maeenpaeae (FIN) vs. Maнсұр Шадукаев (KAZ) 

60 келі: Mейрамбек Айнағұлов (KAZ) vs. Marat Garipov (BRA) 

77 келі: Асхат Ділмұхамедов (KAZ) vs. Winner 302 (Oldrich Varga (CZE) vs. Rabie K. A. Khalil (PLE)).

Мейрамбек Айнағұлов - 2017 жылғы Парижде өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Азия ойындары мен Азия чемпионатында үштіктен көрінген.

Асхат Ділмұхамедов - 2018 жылғы Азия чемпионы. 2012 жылы Лондон Олимпиадасына қатысқан.

Айта кетейік, Қазақстан астанасында өтіп жатқан әлем чемпионатына 60-тан астам Олимпиада чемпиондары келді.

Чемпионатта 1002 балуан бақ сынап жатыр. Олар 104 елдің намысын қорғайды. Әлем біріншілігі  туралы ақпарат таратуға  250-ден астам журналист тіркелді.

Өзгелердің жаңалығы