Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

22 Ақпан 2023, 20:26
1299
Бөлісу:
Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды
Фото: Polisia.kz

Үш ресейлік әйелге қос азаматтығы үшін 1,3 млн теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ  Polisia.kz сілтеме жасап.

Қарағанды – Сұрыптау әуежайындағы желілік полиция бөлімі көші-қон бөлімшесінің қызметкерлері қала әуежайында профилактикалық іс-шаралар жүргізу кезінде, ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметімен бірлесе отырып, 26, 45 және 51 жастағы әйелдерді анықтап, ұстады. 

Мадияр Айтуғановтың айтуынша, тексеру кезінде ұсталғандардың (Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының) қос азаматтығы бар екендігі анықталды. 

Көлік полицейлерімен құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабы 2-бөлігімен (Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде шетел азаматтығын алу фактісін хабарламау) бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. 

Қарағанды қаласы Қазбек би аудандық сотының шешімімен РФ-ның азаматшалары әрқайсына 429 мың теңгеге жуық сома көлемінде әкімшілік айыппұл түріндегі жауапкершілікке тартылды, – деді М.Айтуғанов.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 20-28 ақпан күндері аралығында Көліктегі ПД-нің қызмет көрсету аумағында “Мигрант” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. 

Аталған ЖПІШ барысында көлік полицейлерімен ҚР ӘҚБтК-нің 517 бабы бойынша ( Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзу) тәртібін бұзған 29 шетелдік азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Сондай-ақ сот қаулысымен 4 шетелдік елден тыс шығарылды.

Өзгелердің жаңалығы