Үш күнге арналған ауа райы: Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады

20 Желтоқсан 2021, 12:28
1392
Бөлісу:
Үш күнге арналған ауа райы: Тұман, көктайғақ, бұрқасын болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» РМҚ алдағы үш күнге, яғни 21-23 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады. 

21-23 желтоқсан кезеңінде Қазақстанға Солтүстік-Батыс циклоны мен атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. Соның ықпалынан ауа райы тұрақсыз болады, жаңбыр мен қар түрінде, оңтүстікте негізінен жаңбыр түрінде жауын-шашын өтеді. 

Республика бойынша тұман, көктайғақ, сондай-ақ 15-25 м/с дейінгі екпінді жел, солтүстік жартысында бұрқасын болады. 

23 желтоқсанға жақын, Қара теңіз аудандарынан антициклон шығып, температура төмендейді: батыста түнде 8...23 аяз, күндіз 5...15 аяз, солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 5 ...15 аяз, күндіз 0...8 аяз, оңтүстік және оңтүстік-шығыс жартысында түнде 5 аяз...5 жылы, күндіз 0...10 жылы болады.

 

Өзгелердің жаңалығы