Үш күнде 54 адам суға кетіп қайтыс болды

7 Шілде 2021, 20:37
1571
Бөлісу:
Үш күнде 54 адам суға кетіп қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен демалыс және мереке күндері құтқарушылар еліміздің су айдындарында 40 адамды, оның ішінде 11 баланы құтқарды.

54 адам, оның ішінде 17 бала суға батып қайтыс болды. Қайғылы оқиғалардың ең көбгі Алматы (9), Ақмола (8) Қарағанды (7) және Батыс Қазақстан (6) облыстарында орын алды.

Суға шомылу кезеңінің басынан (1 маусымнан) бастап өз күштерін дұрыс бағаламау, мас күйде суға шомылу, шомылуға тыйым салынған жерлерде, балаларды үлкендердің қарауынсыз қалдыру кезінде су айдындарында 149 адам, оның ішінде 52 бала суға батып қайтыс болды. Суға батқандардың ең көп саны Алматы (19), Түркістан (16), Шығыс Қазақстан (15) және Ақмола (14) облыстарында тіркелген.

Суға шомылу кезеңі басталғаннан бері су айдындарында 111 адам, оның ішінде 23 бала құтқарылды.

Су айдындарында адамдардың қаза болуына жол бермеу мақсатында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері алдын алу жұмыстарын жүргізеді. Осылайша, халық арасында 407 мыңнан астам үгіт-насихат өнімі (буклеттер, парақшалар) таратылды, Халықпен 2 мыңға жуық жиын өткізілді. Сондай-ақ профилактикалық жұмысқа 5600-ге жуық волонтер тартылды.

Құтқарушылар мен полицейлер қоғамдық орындардағы тәртіп ережелерін бұзушыларды және су айдындарындағы қауіпсіздікті анықтау бойынша бірлескен рейдтер мен патрульдеу жұмыстарын жүргізеді.

ТЖМ азаматтарды су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерінің талаптарын сақтауға шақырады және бірінші кезекте:

- суға кіруге және алкогольдік және есірткілік мас күйінде шомылуға;

- қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секіруге;

- тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгу;

- жүзудің шекарасын белгілейтін аумақтан тыс жүзу;

- жүзуге арналмаған заттармен жүзуге;

- балаларға ересектердің қарауынсыз суға кіруге тыйым салынады.

Әр адам қауіпті жерлерді және шомылатын су қоймасының ерекшеліктерін білуі керек, өйткені жабдықталмаған жерлерде тастар, су басқан бөренелер, темір кесектері, шыны және басқа заттар болуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы