Үш адам қаза тапқан жол апатынан кейін Әл-Фараби даңғылына қоршау орнатыла бастады

Құрылыс жұмыстары 10 шілдеге дейін аяқталуы мүмкін.

Бүгiн 2026, 16:15
АВТОР
 telegram/kozachkow Бүгiн 2026, 16:15
Бүгiн 2026, 16:15
185
Фото: telegram/kozachkow

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатынан кейін жолдың қарсы бағытқа шығатын бөлігін қоршау жұмыстары басталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қала әкімдігінің редакция тілшісіне берген мәліметінше, қазіргі уақытта Әл-Фараби даңғылының Достық пен Назарбаев даңғылдарының аралығында жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік оқиғаларын азайту және көліктердің қарсы жолаққа шығып кетуінің алдын алу мақсатында «қисық арқалық» үлгісіндегі металл тосқауыл қоршауларын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Әкімдік мұндай қоршаулар қарсы бағыттағы көлік ағындарын физикалық тұрғыда бөліп тұруға мүмкіндік беретінін атап өтті. Сондай-ақ олар жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін арттырып, қарсы жолаққа шығудан болатын жол апаттарының қаупін азайтуға бағытталған.

Құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, қоршауларды пайдалануға беру осы жылдың 10 шілдесіне дейін аяқталады жоспарланған.

Еске салайық, биыл 21 наурызға қараған түні Алматының әл-Фараби даңғылында жантүршігерлік жол апаты болған еді. Тергеу мәліметіне сәйкес, Zeekr көлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан Mercedes жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды.

22 маусымда күдікті Александр Пакқа қатысты сот үкімі шықты. Ол 10 жылға сотталды және жүргізу куәлігінен өмір бойына айырылды. 

Наверх