Ұрылар малды қалай айдап әкететіні белгілі болды

5 Қыркүйек 2022, 11:50
2752
Бөлісу:
Ұрылар малды қалай айдап әкететіні белгілі болды

Бұл туралы ІІМ Криминалдық полиция департаментінің аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі Құдияр Нұрсейітов дәстүрлі брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Биылғы 8 айдың қорытындысы бойынша тіркелген 1015 мал ұрлығының 709–ы еркін жайылымнан жасалған. Ауыл шаруашылығы жануарларының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында ІІМ-нің бастамасы бойынша жергілікті атқарушы органдарға ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын әзірлеу және бекіту бойынша құзырет берілді, оған сәйкес оларды бақылаусыз жаюға тыйым салынады, - деді ол.

Нұрсейітов атағандай, ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша көрсетілген ережелерді бұзғаны үшін 3-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл көзделген.

Мал ұрлығын анықтау және оның жолын кесу мақсатында министрлік Ветеринариялық бақылау қызметкерлерінің және жергілікті атқарушы органдардың қатысуымен тұрақты түрде жедел-профилактикалық іс-шаралар өткізіп тұрады.Мал ұрлығының топтық түрімен күресу үшін өңірлерде тұрақты негізде жедел-іздестіру топтары жұмыс істейді, олар мал базарлары, мал сою орындары және оның стихиялық саудасы бойынша рейдтер жүргізеді.Қабылданған шаралар нәтижесінде қылмыстың осы түрін төмендетудің тұрақты үрдісіне қол жеткізілгенін атап өткен жөн, - деді ол.

Ол атағандай, биыл олардың саны 17%-ға төмендеді. 

Ашылуы 60%-ға дейін жақсарды. Ұрланған 5 мың мал басының 3 мыңға жуығы немесе 56%-ы табылып, заңды иелеріне қайтарылды, - деді Нұрсейітов.

Өзгелердің жаңалығы